423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузия халқы жылына 700 мың тонна бидай тұтынады

  • 144
  • UPD: 22:11, 31.10.2020

Оның тек 10 проценті елде өсіріледі. Қалғанын Ресей, Қазақстан, Украина және АҚШ-тан жеткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты экспортеры – Ресей. Алайда Грузия үкіметі бұл мәселеде бір елге тәуелді болмас үшін бидай импортын әртараптандыруға ниетті.

Грузия бидайдың 90% Ресейден сатып алады. Өйткені бағасы сапасына лайық. Биыл елге қажетті өнімнің тең жартысы жеткізіліп те қойды.

Леван Силагава, Грузия бидай өндірушілер қауымдастығының төрағасы:

– 400 мың тоннадай сатып алдық. Негізінен Ресейден алдық, өйткені бағасы бізге қолайлы. Бұл ел қазір бидайдың экспорты бойынша әлемде бірінші орында тұр. 

Ресейлік бидайдың бір тоннасы – 240 доллар. Алайда жақын арада қымбаттауы мүмкін. Олай болса Грузияның арзанырақ бидай сататын өзге ел іздеуіне тура келеді. 

Леван Силагава, Грузия бидай өндірушілер қауымдастығының төрағасы: 

– Желтоқсан айында АҚШ-тан 30 мың тонна жеткізіледі. Украиналық әріптестерімізбен де теңіз арқылы Батуми және Поти айлақтарына жеткізу туралы келісіп жатырмыз. Қазақстанмен де байланысымыз жақсы. Егер бағасы лайық болса, бірден сатып аламыз. Өйткені біз үшін импортты әртараптандыру маңызды. Бір елге тәуелді болғымыз келмейді. 

Былтыр Грузия Қазақстаннан 80 мың тоннадай бидай сатып алған. Жергілікті диірменшілерге оның сапасы өте ұнаған. Алайда оны жеткізу үшін екі-үш елден өту керек. Сол себептен бағасы да қымбаттайды.

Авторы: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы