424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 28-ге жетті

  • 137
  • UPD: 21:21, 31.10.2020
Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 28-ге жетті

831 адам жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше Эгей теңізінде болған 6,6 балдық жойқын зілзалаладан кейін тағы дүмпулер тіркелген еді. Түркия төтенше жағдайлар агенттігі осындай 400-ден аса сілкіністі анықтады. Ең күштісінің қуаты Рихтер бағамымен 5 балла жеткен. Кешегі зілзаладан теңіз суы тасып, жағалауға жақын жерді шайып кетті. Көптеген ғимарат қираған. Измир қаласында әлі де құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы