422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияда жартылай локдаун енгізілді

  • 114
  • UPD: 09:24, 01.11.2020
Грекияда жартылай локдаун енгізілді

Грекия үкіметі жартылай локдаун тәртібін енгізді. Бір ай бойы елде дәмханалар, мұражайлар мен театрлар жұмыс істемейтін болды.

Бұл туралы премьер-министр Кириакос Мицотакис мәлімдеді. Сондай-ақ Грекия аумағында сағат түнгі он екіден таңғы беске дейін коменданттық сағат жарияланды. Жаңа шектеулреге сәйкес, ел тұрғындары енді бетпердені жабық бөлмелермен қатар көшеде де тағуға міндетті. Кәсіпорындардағы қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Жаңа ережелер 3 қарашадан бастап күшіне енеді.

Хабар 24 телеарнасы