422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ливанда коменданттық сағат жарияланды

  • 117
  • UPD: 09:31, 01.11.2020
Ливанда коменданттық сағат жарияланды

Ливан үкіметі коронавирустың өршуіне байланысты жаңа шектеулер енгізді. Бүгіннен бастап елде коменданттық сағат тәртібі күшіне енді.

Кешкі сағат тоғыздан таңғы беске дейін тұрғындарға үйінен шығуға болмайды. Сондай-ақ үкімет тойханаларды жауып, 6 адамнан артық жиналатын  араларды өткізуге тыйым салды.  Ал осыған дейін билік 69 қала мен елді мекенді оқшаулаған болатын. Бұл мекендерде төтенше жағдай тәртібі енгізіліп, спорт жарыстары өтпейді. Сондай-ақ дәмханалар, мешіттер мен шіркеулер жабылды.

Хабар 24 телеарнасы