422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Гони» тайфуны Филиппинде талдарды тамырымен жұлып әкетті

  • 115
  • UPD: 14:53, 02.11.2020
«Гони» тайфуны Филиппинде талдарды тамырымен жұлып әкетті

«Гони» жойқын тайфуны Филиппин елінің жағалауына жетті. Тайфун деп Тынық мұхитында қалыптасатын дауылдарды атайды.

Бұл тайфун ел астанасы Манила қаласы орналасқан Филиппин елінің басты Лусон аралына соқты. Сағатына 225 шақырым жылдамдықпен соққан күшті жел үй шатырлары мен ағаштарды тамырымен жұлып әкеткен. Дауыл халық тығыз қоныстанған аймаққа соққандықтан үкіметке бір миллиондай адамды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді.

Хабар 24 телеарнасы