423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда жаппай тәртіпсіздік белең алды

  • 110
  • UPD: 18:54, 01.11.2020

Жұртшылық үкіметтің коронавирусқа байланысты қабылдаған шектеу шараларына наразы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел астанасы Мадридтегі орталық көшелердің бірінде ереуілшілер полициямен қақтығысты. Тәртіп сақшыларына тас лақтырып, қоқыс жәшіктерін өртеген. Шектен шыққан шерушілерді тарқату үшін полиция оғы жоқ бос патрондар атуға мәжбүр болды. Осындай бас көтерулер Барселона, Логроньо, Валенсия және елдің өзге де бірқатар қаласында болды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Испания үкіметі төтенше жағдай мерзімін келесі жылдың мамыр айына дейін ұзартқан болатын. Коменданттық сағат жарияланып, ел ішінде қатынауға шектеу қойылған. Жалпы індет басталғалы Испанияда бір миллион бір жүз мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, 36 мыңы қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы