423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде коронавирусты жұқтырған адам саны 46 млн-нан асты

  • 127
  • UPD: 17:42, 01.11.2020
Әлемде коронавирусты жұқтырған адам саны 46 млн-нан асты

Әлемде коронавирус пандемиясының екінші толқыны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерт жұқтырғандар саны қазір 46 миллионнан асып кетті. 1 миллион 200 мың адам қайтыс болған. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі осындай. Коронавирус әсіресе Америка Құрама Штаттарын әлекке салып тұр. Індет басталғалы бұл елде 9 миллион 100 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Одан кейінгі орында – Үндістан. Мұнда 8 миллион 100 мың науқас анықталды. Ал Бразилияда 5 миллион 300 мың адам осы кеселге душар болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың адам денсаулығына тигізетін әсеріне алаңдап отыр. Өйткені дерттен айыққаннан кейін де адамның ұзақ уақыт тынысы тарылып, жөтелі кетпейді. Әрі тез шаршайды.

Хабар 24 телеарнасы