422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда жетінші жалпыұлттық халық санағы басталып кетті

  • 114
  • UPD: 17:43, 01.11.2020
Қытайда жетінші жалпыұлттық халық санағы басталып кетті

10 жылда бір рет өтетін бұл шара желтоқсанның онына дейін жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның жұмысына 7 миллионнан аса есепші тартылған. Олар тек Қытай азаматтарын ғана емес, елде жарты жылдан аса уақыт тұрып жатқан шетелдіктер туралы да мәлімет жинайды. Үкімет халықтың саны, жасы, жыныс жағынан бөлінуі, білім деңгейі мен қызметі жөніндегі деректерді нақтыламақ. Бұл жолы ақпарат жинау үшін электронды әдістер кеңінен қолданылады. Адамдар өздері туралы мәліметті ұялы телефондар арқылы жібере алады. 2010 жылы өткен соңғы халық санағы Қытайда 1 миллиард 340 миллион адам тұратынын анықтаған болатын. 

Чжан И, ҚХР мемлекеттік статистика басқармасының департамент директоры:

– Халық санағы кезінде жиналған ақпарат алдағы саясатты белгілеу үшін қажет. Мәселен, мектептер, медициналық мекемелер, балалар мен қарттарға арналған нысандар мен жолдардың құрылысын жоспарлау үшін. Сондықтан әр азаматымыз үшін санақтың маңызы зор.

Хабар 24 телеарнасы