420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде COVID-19-ға қарсы вакцинаның сынағы басталды

  • 84
  • UPD: 10:00, 02.11.2020
Израильде COVID-19-ға қарсы вакцинаның сынағы басталды

Израильде коронавирусқа қарсы екпенің сынағы басталып кетті.

Өздеріне екпе жасаған еріктілер дәрігерлердің бақылауына алынды. Вакцина клиникалық сынақтың үш кезеңін өтеді. Шамамен бір айға жалғасатын сынақтың алғашқы сатысында 18 бен 55 жас аралығындағы 80 волонтер қатысады. Екінші кезеңінде ол шамамен 1000 адамға егіледі. Ал 30 мың адам қатысатын сынақтың соңғы сатысы келесі жылдың сәуір-мамыр айларында өтеді. Бәрі ойдағыдай болса, препаратты азаматтық қолданысқа шығаруға рұқсат беріледі.

Зеев Ротштэн, Hadassah ауруханасының бас дәрігері:

– Қазір вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін зерттеп жатырмыз. Жақын арада оны қолданысқа шығарып, Израильде коронавирус індетіне тосқауыл қоямыз деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы