424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йоркте карантин мерзімі қысқартылды

  • 81
  • UPD: 09:56, 02.11.2020
Нью-Йоркте карантин мерзімі қысқартылды

Нью-Йорк штатына келетіндер енді тек 3 күнге карантинге алынатын болды.

Бұл туралы штат губернаторы Эндрю Куомо мәлімдеді. Осыған дейін елдің өзге өңірлерінен келген адамдар екі аптаға оқшаулануға тиіс болатын. Жаңа ережелерге сәйкес штатқа келушілердің барлығы үш күн карантинде болып, осыдан кейін коронавирус тестілеуінен өтуі керек. Нәтижесі дұрыс болса, оқшаудан шығады. Ал тестілеуден өтуден бас тартқан жағдайда екі апта карантинде қалады. Айта кетейік, АҚШ-та індет өршіп барады. Таяуда коронавирус жұқтырған 100 мыңнан аса адам анықталды. Бұл – індет басталғалы әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы