425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бельгия мен Германияда жаңа карантин талаптары енгізілді

  • 96
  • UPD: 11:37, 02.11.2020
Бельгия мен Германияда жаңа карантин талаптары енгізілді

Ал оқушылардың демалысы қарашаның ортасына дейін ұзартылмақ.

Жұмыс істеуге тек азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға ғана рұқсат етілген. Жағдайдың нашарлауына қарамастан, ел шекарасы әзірге ашық. Алайда билік өкілдері тұрғындарға шетелге сапарлаудан бас тартуға кеңес беріп жатыр. Жалпы Бельгияда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап кеткені сонша, ауруханаларда қазір орын жоқ. Сондықтан коронавирус жұқтырған науқастар көрші елдерге жіберіліп жатыр.

Германияда да бүгін жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Оған сәйкес елдегі барлық кафе-бар кемінде бір айға жабылады. Фитнес-орталықтар мен бассейндер де осы уақыт аралығында қызметін тоқтатуы тиіс. Ал Бундеслига ойындары көрерменсіз өтетін болды.

Хабар 24 телеарнасы