Коронавирус жұқтыру бойынша әлемде тағы да антирекорд орнады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерекке сай 31 қазан күні әлемде 535 мыңнан астам адам инфекцияға шалдыққан. Ал санаулы сағат бұрын дәл осы ұйымның бас директоры Тедрос Гебрейесустің оқшаулану режиміне кеткені белгілі болды. Ол вирус жұқтырғандармен байланыста болған көрінеді. Сондықтан қызметін енді үйден атқармақ екен.