Түркиядағы зілзала: 65 сағат бойы үйінділер астында жатқан бүлдіршін құтқарылды
- 909
- UPD: 14:52, 02.11.2020

Түркияда 65 сағаттан астам уақыт бойы үйінділер астында жатқан үш жасар бүлдіршін құтқарылды.
Бұл туралы Anadolu агенттігі мәлімдейді.
– Құдайға мың алғыс. Біз Элифті құтқардық, – деді елдегі төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Мехмет Гюллюоглу.
Аман қалған бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Құтқару операциясы басталғалы үйінділер астынан 106 адам аман шығарылған, олардың арасында қыз баланың анасы мен бауырлары да бар.
30 қазанда Түркияның батысында 6,9 магнитудалы жер сілкінісі болды. Салдарынан одаған үй қирап, кемінде 79 адам көз жұмған.