420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияда парламенттік сайлау нәтижесімен келіспеген оппозиция шеруге шықты

  • 106
  • UPD: 15:37, 02.11.2020
Грузияда парламенттік сайлау нәтижесімен келіспеген оппозиция шеруге шықты

Грузияда тағы да тыныштық бұзылды.Елде өткен парламенттік сайлауға байланысты Тбилисиде ірі шеру өтіп жатыр.

Оппозиция өкілдерінің айтуынша, сайлау әділ өткен жоқ. Дауыс беру кезінде заң өрескел бұзылған. Алайда билеуші партия мұндай айыппен келіспейді.

Парламенттік сайлау нәтижесімен келіспеген оппозиция өкілдері Тбилисиде көшеге шықты. Демонстранттардың айтуынша, ең көп дауыс жинаған «Грузин арманы» билеуші партиясы Грузияның жоғарғы заң шығарушы органында ең көп мандатқа ие болу үшін өзіне артық дауыс қосқан.

Дэвид Кацарава, азаматтық белсенді:

– Өзгеріс үшін күрескендердің дауысы ұрланды. Сондықтан өз дауысымыз үшін күресу туралы шешім қабылдап, Руставели даңғылына жиналдық. Дауысымызды қайтармайынша, біз енді ешқайда кетпейміз. 

Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша 48% дауыс жинаған «Грузин арманы» мен 27% дауысқа ие болған «Күш бірлікте» оппозициялық блогы Парламентке өтті. Бұдан бөлек тағы 7 партия 1% межені еңсеріп, парламенттен мандат алды. Бастапқыда оппозиционерлер бір партияға қарсы тұру үшін коалиция құруды көздеген еді. Бірақ қазір парламенттік сайлау нәтижесін қайта қарауды талап етіп отыр.

Николоз Амаян, наразылық акциясына қатысушы:

– «Грузин арманы» партиясының өкілі Бидзина Иванишвили өзінің әрекетімен шектен шықты. Олар тұрғындарға қысым көрсетті. Мұндай әрекетке ел азаматтары қарсы тұрып, өз дауыстарының есепке алынуын талап ететін шығар.

Оппозиция алған бетінен қайтпақ емес. Діттегендеріне жету үшін жария етті. Ең ірісі қарашаның сегізіне жоспарланған. Оған тек тбилисиліктер ғана емес, өңір тұрғындары да қатыспақ.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы