420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда университет маңында жарылыс болды

  • 152
  • UPD: 15:08, 02.11.2020
Ауғанстанда университет маңында жарылыс болды tj.sputniknews.ru

Кабул университетінің маңында жарылыс болып, артынша атыс ұйымдастырлды.

Салдарынан кемінде төрт адам зардап шеккен. Бұл туралы Pajhwok хабарлайды.

Медициналық қызмет өкілдерінің мәліметінше, жарақат алған профессор мен үш студент астанадағы ауруханалардың біріне жеткізілген.

Оқыс оқиға Иран өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан кітаптың тұсаукесері рәсімі кезінде болған. Алдымен жарылыс болып, артынша қаруланған адамдар оқ жаудырған. Кей басылымдар қаскөйлердің оқу орнының заң факультетінің ғимаратында жасырынған болуы мүмкін екендігін жазуда.

Хабар 24 телеарнасы