422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кубада шетелдіктерге шекара ашылды

  • 99
  • UPD: 15:44, 02.11.2020
Кубада шетелдіктерге шекара ашылды

Алты айлық локдауннан кейін Куба қайтадан шетелдік туристерді қабылдай бастады.

Сөйтіп Бостандық аралына алғашқылардың бірі болып германиялық жиһанкездер жетті. Айта кетейік, туризм саласы Куба үшін негізгі табыс көздерінің бірі саналады. Бірақ індетке байланысты аталған сала тұралап қалған болатын. Жалпы бүгінге дейін Кубада 6 мыңдай азамат коронавирус жұқтырды. 128 адам қайтыс болды.

Герта Хофманн, Германиядан келген турист:

– Ұзаққа созылған карантиннен кейін шетелде демалып жатқаныма қуаныштымын. Себебі індет басталғалы бері ешқайда шықпаған едік.

Стивен Корб, Германиядан келген турист:

– Менің ойымша, Куба әлдеқайда қауіпсіз. Мұнда вирус жұқтырғандар саны айтарлықтай көп емес.

Хабар 24 телеарнасы