425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияның Самос аралындағы босқындар лагерінде өрт шықты

  • 117
  • UPD: 07:49, 03.11.2020
Грекияның Самос аралындағы босқындар лагерінде өрт шықты Euronews

650 адамға арналған лагерьде 4 мың 200-ден астам мигрант мекендейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, өрт таңғы сағат 4 кезінде басталды. Оқиға орнынан 7 өрт сөндіру техникасы мен ондаған маман жұмылдырылды. Апаттан шамамен 15 шатыр күлге айналды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Құтқарушылар дер кезінде адамдарды эвакуациялап үлгерген. Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Болған жайтқа қатысты тергеу ісі басталды.

Айта кетейік, аймақ қазанның 30-ы күні жер сілкінісінен де зардап шеккен болатын.

Хабар 24 телеарнасы