422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мадридте коменданттық сағатты елемеген 100-ден астам түнгі клуб анықталды

  • 101
  • UPD: 08:23, 03.11.2020
Мадридте коменданттық сағатты елемеген 100-ден астам түнгі клуб анықталды Наша Испания

Испанияның Мадрид қаласында полиция өкілдері түнгі клубтарға рейд жүргізген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде тәртіп сақшылары коменданттық сағатты елемеген 100-ден астам көңіл көтеру кешін анықтады. Карантин талаптарын бұзғандарға қатаң жаза қолданды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, есігін тас қып бекіткендерді анықтау үшін офицерлерге өрт сөндірушілерді шақыруға тура келген.

Айта кетейік, өткен аптада Испанияда жарты жылға төтенше жағдай режимі жарияланды. Жалпы пандемия басталғалы бір млн-нан астам Испан азаматы індеттінің ілмегіне іліккен. Оның 35 мыңнан астамы вирустың құрбаны болды.

Хабар 24 телеарнасы