424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Чехияда волонтерлер мен студенттер дәрігерлерге көмек көрсетіп жатыр

  • 90
COVID-19: Чехияда волонтерлер мен студенттер дәрігерлерге көмек көрсетіп жатыр Известия

Эпидемиологиялық ахуал күрт ушыққан Чехияда дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін студенттер мен волонтерлер өз көмегін ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ зейнетке шыққан дәрігерлер де жұмысына қайта орала бастады. Еріктілердің арасында Прага қаласының мэрі де бар. Волонтерлер алдымен арнайы медициналық дайындықтан өтіп, кейін игілікті ісіне кірісе бастайды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, пандемия басталғалы 10 мыңнан астам медицина саласының қызметкері коронавирус індетін жұқтырған. Соңғы бір аптаның өзінде науқастардың саны күрт артып, Чехия Еуропа аумағы бойынша өлім-жітім көрсеткішінен антирекорд орнатты. Қазір жергілікті ауруханаларда орын тапшылығы байқалады. Ақ халатты мамандардың жетіспеушілігі де жағдайды одан бетер қиындата түсті.

Хабар 24 телеарнасы