424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау алдындағы Америка. Тікелей эфир

  • 78
  • UPD: 11:04, 03.11.2020

АҚШ-тағы басты саяси дода өз мәресіне таяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Америка халқы елдің 46-президентін таңдайтын болады. Сайлау пандемия уақытында өтіп жатқандықтан, тұрғындарға дауыстарын ерте жолдауға, және пошта арқылы таңдау жасауға рұқсат берілген еді.

Талғат Алман, тілші:

– Ертең америкалықтар тек қана Ақ үйдің келесі басшысын ғана емес, сонымен қатар төменгі палатаның барлық өкілдерін (House of Representatives) және сенаторлардың үштен бірін сайлайтын болады. Сондай-ақ бұл елдегі сайлаудың ерекшелігі сол сайлау алдындағы тыныштық күні деген ұғым мүлде жоқ. Яғни президенттікке үміткер кандидаттар 3 қарашаға дейінгі соңғы күндерінде де үгіт насихат жұмыстарын жүргізе алады. Мысалы, бүгін Трамп пен Байден Пенсильванияда болып, өздерінің раллилерін өткізді, халықпен кездесті. Екеуінің де Пенсильванияны таңдап отырғаны тегін емес. Біріншіден, бұл құбылмалы штат саналады және екіншіден Пенсильванияға 20 электоралды дауыс бөлінген. Көптеген штаттармен салыстырғанда бұл өте үлкен көрсеткіш.

Бүгінге дейін 97 млн бюллетень өткізіліпті. Оның 35 миллионы сайлау учаскілерінде жасалған дауыстар болса, 62 млн-ға жуығы поштамен жасалған дауыстар екен. Бұл – 2016 жылғы барлық дауыстардың үштен екі бөлігі және АҚШ тарихиндағы рекордтың көрсеткіш. Халықтың дауыстарынан бөлек, сайлаудың қорытындысы және келесі президенттің кім болары бірнеше штаттардағы жаппай тәртіпсіздіктерге әкелуі мүмкін дейді мамандар.

Эйб Нелсон, саясаттанушы:

– Тәртіпсіздіктердің орын алуы әбден мүмкін. Ол қорытындыға байланысты. Дегенмен мұндай тәртіпсіздіктерді кімнің бастайтыны белгісіз. Бір білетінім, қазірдің өзінде Трамптың қолдаушылары Нью-Йорк қаласындағы көпірлердің бірін жауып, Нью-Дерсейдегі жолдарға бөгет қойып жатыр. Тіпті Техаста өткен Байденнің халықпен кездесуіне кедергі жасаған жайттар да тіркелген. Дегенмен ертең тәртіпсіздік орын ала қалса, оның қалай өрбитіні және қай шамда болатыны әзірше белгісіз және ол сайлауда кімнің жеңетініне байланысты болуы тиіс. Біздің тілек қан төгістен аулақ болсақ екен.

Талғат Алман, тілші:

– Бір байқағанымыз, біз тұрған Вашингтонның орталық көшелерінде де барлық дүкен мен сауда орталықтары, ресторандар мен мемлекеттік мекемелелердің ғимараттары ағашпен жабылып жатыр, кешелі бері. Алда жалда жаппай наразылық шаралары басталып, тәртіпсіздіктерге ұласса, Ұлттық Гвардия іске кіріседі деп айтылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы