422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венадағы теракт: қаза тапқандар саны 3-ке жетті

  • 94
  • UPD: 13:56, 03.11.2020

Вена орталығында лаңкестік шабуыл болып, 3 адам қайтыс болды. Тағы 15 кісі жарақат алған. Арасында полиция қызметкері де бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай, шабуыл қаланың 6 жерінде соның орталықтағы синагога маңында, еврей орталығы мен мейрамхана жанында болған. Қазір жергілікті күштік құрылымдар маңызды ғимараттарды назарда ұстауда. Әскер де күзет жұмыстарына жұмылдырылды. Ал полиция қызметкерлері ауқымды операция ұйымдастырып, қарулы шабуыл жасаған қаскөйлердің ізін кесуде. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, төрт күдікті ұсталып, біреуі қақтығыс кезінде оққа ұшқан.

Себастьян Курц, Австрия канцлері:

– Жағдай өте қиын. Бір қылмыскердің көзі жойылды. Алайда тағы бірнешеуі еркіндікте жүруі мүмкін. Олар қарумен жарақталған. Даярлықтары өте жоғары. Мұның террорлық шабуыл екені сөзсіз. Тағы да қайталап айтамын, қауіптің беті әлі сейілген жоқ.

Осыған байланысты билік қала тұрғындарын үйден шықпауға шақырып, куәгерлерден оқиға орнынан видео мен суретті әлеуметтік желіге салмауға сұрады. Аймақтағы ахуалға байланысты оқушылардың мектепке бармауына рұқсат етілді. Өз кезегінде Қазақстанның Австриядағы елшілігінің алдын ала ақпаратына сәйкес, көз жұмғандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы