425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда студенттер оқу ақысын кокос және жапырақпен төлейтін болды

  • 125
  • UPD: 14:29, 03.11.2020
Индонезияда студенттер оқу ақысын кокос және жапырақпен төлейтін болды Factum-Info

Бұл жаңалық пандемия кезінде оқу ақысын төлей алмай жүрген студенттер үшін дөп келді.

Академияда олар жапырақтардан сабын қайнатып, кокос майынан май жасайды.

Индонезияның Бали аралындағы Venus One туристік академиясының студенттеріне кокос және моринга жапырақтарын жинау арқылы оқу ақысын төлеуге ресми түрде рұқсат етілді. Бұл жайт COVID-19 пандемиясынан зардап шеккен студенттерге көмектеседі, деп жазады The Bali Sun.

Оқу орнының өкілі Ваян Пасек Ади Путраның айтуынша, осы жаңалыққа дейін студенттер оқу ақысын бөліп төлеп келген.

«Біз студенттерді қоршаған табиғи ресурстарды пайдалануға үйретуіміз керек. Осылайша, пандемия аяқталған кезде олар маңызды тәжірибеге ие болады, сондықтан олар қарапайым жұмысшы ғана болып шықпайды», – деді Ваян Омартек.

Ол академияда студенттер жинаған кокос жаңғақтарынан май өндіріліп, содан кейін сатылатынын айтты. Ал моринга жапырақтарынан сабын дайындалады.

Хабар 24 телеарнасы