423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Никарагуаға алапат дауыл қаупі төнді

  • 112
  • UPD: 15:14, 03.11.2020
Никарагуаға алапат дауыл қаупі төнді

АҚШ-тың дауылды ескерту ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, «Эта» деп аталатын табиғат апаты көп ұзамай Никарагуаның солтүстік-шығыс жағалауына жетіп, ойран салуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның қуаты бес балдық шкала бойынша төртінші деңгейге жетуі мүмкін. Қазірдің өзінде Кариб теңізінде қалыптасқан дауылдың қуаты үшінші санатқа жетіпті. Екпінді желдің жылдамдағы секундына 54 метр екен. Осыған байланысты аймақта су тасқыны мен лай көшкіні жүреді деген қауіп бар. Сондықтан Никарагуа билігі тұрғындарды жаппай эвакуациялауға көшті. Осы уақытқа дейін шамамен 3 мың отбасы көшіріліпті.

Хабар 24 телеарнасы