422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австрияда үш күндік аза тұту жарияланды

  • 96
  • UPD: 16:04, 03.11.2020
Австрияда үш күндік аза тұту жарияланды RT

Австрия үкіметі сейсенбіден бейсенбіге дейін Венадағы атыс салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендерге байланысты үш күндік аза тұтуды жариялау туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы сейсенбіде министрлер кабинетінің шешіміне сілтеме жасай отырып Австрияның баспасөз агенттігі (APA) хабарлады.

Федералды мекемелердегі Австрия Республикасының мемлекеттік тулары түсіріледі.

Дүйсенбі күні кешке Венада алты жерде, соның ішінде синагоганың жанында атыс болды. Үш адам қайтыс болды, 15 адам жарақат алды, олардың ішінде бір полиция қызметкері бар.

Венадағы атыс: қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында ҚР азаматтары жоқ

Хабар 24 телеарнасы