422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп барады

  • 157
Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп барады

Қытайда шетелден коронавируспен ауырып келіп жатқан науқастардың саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір тәулікте індет жұқтырған 90-нан астам адам ел аумағына кірген екен. Олардың 48-і – сиптомсыз науқас. Осыған байланысты жергілікті билік елде бірқатар халықаралық рейстің ұшуына тыйым салды.

Айта кетейік, биыл жазда аспан асты елінде жаңа заң қабылданған болатын. Оған сәйкес борттардың бірінен 5 адамнан артық жолаушыдан коронавирус анықталса, ұшақ тиесілі әуе компаниясы бір аптаға, ал 10-нан асса, 4 аптаға дейін рейстерін тоқтатуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы