424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та президенттік сайлау басталып кетті

  • 92
  • UPD: 21:48, 03.11.2020

Өткен сайлауда дауыс беру түні белгілі болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бұл жолы дауыстарды санау ұзаққа созылуы мүмкін. Өйткені пошта арқылы дауыс бергендер өте көп. Пенсильвания мен Висконсинде алдын ала жіберілген бюллетеньдерді сол күні ғана санауға рұқсат беріледі.

Тілші:

– Бүгін қарашаның 3-і, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:00. Демек Дональд Трамп пен Джо Байденнің арасындағы президенттік тартыс аяқталатын күн деген сөз. Ертең барлық штатта дауыс еру тоқтатылып, бюллетендерді жинау басталады. Президенттік сайлаудан бөлек бүгін Америка халқы Өкілдер палатасының жаңа құрамы мен Сенаттың үштен бір бөлігін сайлайды. Күннің соңында бірнеше штатта бейресми қорытынды жарияланады деп күтілуде. «Біз тұрған Вашинтондағы дауыс беру учаскелері кешкі сағат 21:-ге дейін жұмыс істейді және дауыс берушілердің саны өте жоғары болады», – дейді мамандар. Қазірдің өзінде пошта арқылы дауыс бергендердің рекордтық көрсеткіші тіркеліп отыр. 100 млн-ға жуық америкалық дауыс берсе, оның 62 млн-ы өз таңдауларын пошта арқылы жасапты.

АҚШ-тағы сайлаудың қорытындысын құбылмалы деп аталатын штаттар жиі шешетіні белгілі. Осы штаттарда үміткерлер қандай нәтижеге жетуі мүмкін? Cауалнамалардың бұл жөнінде болжамы қандай? 

Биылғы президенттік сайлауда сарапшылардың қорытындысы бойынша құбылмалы штаттардың саны – 8. Олар: Пенсильвания, Джорджия, Висконсин, Аризона, Флорида, Северная-Каролина, Мичиган және Миннесота. Бұл – ең негізгі және шешуші штаттар. Халықтық сауалнама бойынша Байден алда келеді. Тіпті Пенсильвания, Мичиган, Аризона сияқты құбылмалы штаттардың тұрғындары да Байденінң кандидатурасын қолдап отыр. CNN-нің зертеуі бойынша Байден қазірдің өзінде электоралды колледждің 279 дауысын жинап отыр. Президент атану үшін оның 270 жинағаны да жеткілікті. Ал Дональд Трамп болса, 20 штатта көш бастап келеді. Электоралды дауыстардың саны – 125. Техасты қоссақ, 163 дауыс. Дегенмен бұл тек бейресми және алдын ала жасалып жатқан ақпарат, қорытынды шешім емес. Барлығы 2016 жылдағыдай соңғы сәтте өзгеріп кетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы