Шри-Ланкада 120-дан астам дельфин жағаға шығып, қайраңдап қалды. Оларды құтқару операциясына әскерилер, волонтерлер мен жануарларды қорғайтын ұйымдардың белсенділері қатысты.
Сүтқоректілерді теңізге қайта жіберу үшін теңіз патрулінің кемесі қолданылды. Түні бойы арпалысып, осы жануарлардың көбін ажалдан арашалап қалды. Өкінішке орай, 4 дельфин өлі күйі табылды. Алып теңіз жануарларының жағаға қарғып, қайраңдап қалатыны жиі болып тұрады. Ғалымдар әлі күнге мұның сыры мен себебін анықтаған жоқ.