422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ковид» және мигранттар: жағдай қаншалықты қиын?

  • 108
  • UPD: 12:43, 04.11.2020

Коронавирус пандемиясы әлем халқының өмірін өзгертті. Әсіресе мигранттарға оңай болған жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда биыл Еуропаға ағылған келімсектердің саны азайған. Десе де, бүгін Грекияның босқындарға арналған лагерінде ондаған мың мигрант өмір сүреді.

Грекияның Лесбос, Хиос пен Самос аралдарында бүгінде 40 мыңнан астам босқын мекендейді. Мигранттарға лық толы лагерьлерде санитарлық-гигиеналық талаптар мүлдем сақталмайды. Үкіметтік емес ұйымдар болса, аймақтағы жағдай босқындардың өмірі мен денсаулығына екенін айтты. 

Кристина Псарра, «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының өкілі:

- Жағдай өте күрделі. Осыншама адамның бірге тұрып карантин, оқшаулану, тазалық пен жөнді медициналық көмек алуға мүмкіндіктері жоқ. COVID-19  дертінен қорғану жайында айтпасақ та түсінікті.

«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының көмегімен құралған топ COVID-19-ға шалдыққан науқастарды анықтауға кіріскенімен аймақтағы санитарлық ахуал мен мигрант санынның тым көп болуы жағдайды одан бетер қиындатты. Жуырда жергілікті билік кірмелердің бір бөлігін құрлыққа көшірмек болған еді. Алайда бұл іс соңына дейін жеткізілместен босқындардың көбі далада қалды. 

Малак Алехель, Ауғанстаннан келген мигрант:

- Біз Халықаралық қауымдастық пен Еуроодақтан көмек сұрап отырмыз. Бізге және балаларымызға қауіп төніп тұр. Мория лагері өртенгенде әрең дегенде аман қалдық. Біз ел қатарлы жақсы өмір сүруге лайықтымыз.

Төзімі таусылған мигранттар тәртіп сақшыларымен жиі қақтығысқа түседі. Көбі аймаққа бір жыл бұрын келгендер. Олардың айтуынша, мұндай жағдайда өмір сүру күннен күнге қауіпті болып барады.

БЛИЦ:

- Лесбос аралынан кеткіміз келеді. Өйткені мұнда өмір сүруге еш жағдай жасалынбаған. 

- Ересектер болсын, балалар болсын бәрі аш құрсақ жүр. Өте қиын. Жүйкем тозды. Қиыншылықтарға төзе алмай күнде жылаймын. 

Пандемия басталғалы Еуропаға ағылған мигранттардың нөпірі азайған еді. Болжам бойынша ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында кәрі құрлыққа табан тірегендердің қатары өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайды.

Автор: Арайлым Жақсылыққызы

Хабар 24 телеарнасы