420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атышулы лаңкестік топ Венадағы терактіні мойнына алды

  • 127
  • UPD: 12:12, 04.11.2020
Атышулы лаңкестік топ Венадағы терактіні мойнына алды

Ирак және Левант лаңкестік ұйымы 3 қарашада Венада болған террористік шабуылды мойнына алды.

Топ жетекшілері осындай мәлімдеме жасады. Өз кезегінде Рейтер агенттігінің хабарлауынша, кеше қақтығыс кезінде мерт болған лаңкес Австрия мен Солтүстік Македония елдерінің азаматы болып шықты. Бұған дейін ол террористік ұйымдардың іс-әрекетіне қатысқаны үшін сотталып, кейін мерзімінен бұрын шартты түрде босатылыпты.

Айта кетейік, кеше Австрия астанасында болған лаңкестік шабуылдан 4 адам қаза тапты. Елде 3 күндік аза тұту күні жарияланды. 

Карл Нехаммер, Австрияның ішкі істер министрі:

- Оқиғаға қатысты 20 мың видео бар. Қылмыстық полиция мен ішкі барлау қызметкерлері оларды қарап, тексеріп жатыр. Осы уақытқа дейін шамамен 50 проценті көрілген. Ол бойынша террорист жалғыз өзі әрекет еткен. Алайда талдау жұмыстары бітпегендіктен шабуылға қанша қылмыскердің жауапты екенін тап басып айта алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы