423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде індет басталғаннан бері жұқтырудың рекорды тіркелді

  • 86
  • UPD: 21:06, 04.11.2020

Әлемде соңғы бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны 3 миллионға артты. Бұл індет басталғалы бері болмаған көрсеткіш. Инфекцияға шалдыққандардың дені АҚШ, Үндістан және Франция елдерінде тіркелген. Қазір дүние жүзі бойынша аталған дертке шалдыққандардың қатары 47 миллионға таяған.

Францияда олардың жалпы саны 1 жарым миллионнан асты. Елдегі жағдай күннен күнге ушығып барады. Мәселен, бір апта ішінде 18 мыңнан астам адам ауруханаға түскен. Олардың 3 мыңға жуығы жансақтау бөлімінде жатыр екен. Ауруханаларда төсек-орын жетіспеушілігіне байланысты ел билігі науқастардың бір бөлігін Германияға жібермек. Осылайша билік  денсаулық сақтау жүйесіне түскен жүктемені жеңілдетуді көздейді.

Испания билігі елдегі эпиджағдайға қарамастан әзірге локдаун енгізбейтін болды. Айта кетейік, өткен тәулікте мұнда 18 мыңдай жаңа дерек тіркеліп, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1 миллион 200 мыңға жетті. 

Фернандо Симон, денсаулық сақтау саласы бойынша төтенше жағдайлар және үйлестіру орталығының директоры:

- Қазір қатаң локдаун енгізетін уақыт емес деп ойлаймын. Елді қайтадан жабу үшін оның тиімді, тиімсіз тұстарын таразыға тартып көру қажет. 

Түркияда коронавируске қатысты жаңа шектеу шаралары енгізілмек. Дерттің алдын алу мақсатында елде мейрамханалар, бассейндер мен шаштараздар қызметін тоқтатады. Сонымен қатар қоғамдық орындарда сақтық шараларының сақталуы да күшейтілмек.

Хабар 24 телеарнасы