425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ливерпульде ковидке жаппай тестілеу өтеді

  • 108
  • UPD: 12:28, 04.11.2020
Ливерпульде ковидке жаппай тестілеу өтеді

Ұлыбритания үкіметі осы аптада Ливерпуль қаласының тұрғындарын коронавируске жаппай тестілеуді көздеп отыр.

Тәжірибе ретінде өтетін бұл жоба аясында шаһарда тұратын жарты миллион адамның түгеліне тексеруден өту ұсынылады. Бұрыннан тест өткізіп отырған орталықтармен қатар қала тұрғындары мектептерде, университеттерде және кәсіпорындарда да сараптама тапсыра алады. Бұл шара аясында бір сағаттан аз уақытта нәтиже беретін тестілуедің жаңа әдістері қолданылады. Нәтижесінде ауру белгілері байқалмайтын адамдарды анықтап, оларды оқшауландырып, вирустың таралуына тосқауыл қоймақ. Бұл жобаны жүзеге асыруға Ұлыбритания әскерінің 2 мыңдай жауынгері көмектеседі. Ливерпуль ел бойынша коронавирус індетінің ең ауыр зардабын тартқан қала. Егер бұл жоба өз тиімділігін көрсетсе, бұл тәжірибені елдің барлық аумағында қолдану жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы