425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тағы сайлауда Байден оқ бойы озып келе жатыр

  • 87
  • UPD: 15:41, 04.11.2020
АҚШ-тағы сайлауда Байден оқ бойы озып келе жатыр

Бүгін мұхиттың арғы бетіндегі саяси науқан мәресіне таяды. АҚШ-тағы Президенттік сайлау аяқталуға жақын. Төрт жылдықтың басты саяси додасы пандемия уақытында өтіп жатқандықтан өзіндік ерекшеліктер де бар.

Мысалы, алдын ала дауыс беруге барынша жағдай жасалды және пошта арқылы өз таңдауын жасағандардың саны едәуір өсті. Ол тіпті бүкіл дауыстың жартысынан асады. Ал бүгін елу штаттағы сайлау учаскелері ресми түрде өз жұмысын аяқтайды. Сонымен кімнің шоқтығы биік?

Ол алдағы уақытта анықталады. Әзірге Джо Байден алда келеді. Демократтар өкілінің жинағаны 225 дауыс болса, Трампта 213.

Хабар 24 телеарнасы