424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда банкті тонап кетті

  • 133
  • UPD: 15:40, 04.11.2020
Италияда банкті тонап кетті

Миланда жергілікті банктердің бірі тоналды. Қаруланған 4 қылмыскер ғимаратқа кеше таңертең басып кірген: екеуі негізгі есіктен, қалған екеуі ғимаратқа жертөле арқылы енген.

Олардың қанша қаражатты қолды қылғаны беймәлім. Белгілісі, қылмыс кезінде ғимарат ішінде банк директоры мен тағы екі қызметкер болыпты. Полицейлер оқиға орнына 10 минутта жеткенімен ұрылар іздерін суытып үлгірген. Болжам бойынша олар кәріз құдығы немесе туннель арқылы қашқан. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы