424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та сайлаудағы дауыс саны есептеліп жатыр

  • 94
  • UPD: 15:38, 04.11.2020
АҚШ-та сайлаудағы дауыс саны есептеліп жатыр

АҚШ-тағы Президенттік сайлау аяқталуға жақын. Қазір барлық сайлау учаскерлері жабылып, дауыс саны есептеліп жатыр.

Соңғы деректер бойынша қазір демократ Джо Байден алда келеді. Ол 238 дауыс жинаған. Ал Ақ үй басшысы Дональд Трампта электоралды коллегияның 213 дауысы бар. Дей тұрғанмен, кімнің нақты жеңіске жеткені белгісіз. Себебі дауыс санын есептеу әлі де жалғасып жатыр. Жалпы үміткердің біреуі жеңімпаз атануы үшін 538 дауыстың кемінде 270-сіне ие болуы керек.

Айта кетейік, төрт жылдықтың басты саяси додасы пандемия уақытында жатқандықтан өзіндік ерекшеліктер де бар. Мысалы, алдын ала дауыс беруге барынша жағдай жасалды және пошта арқылы өз таңдауын жасағандардың саны едәуір өсті. Ол тіпті бүкіл дауыстың жартысынан асады.

Хабар 24 телеарнасы