424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияда өткен парламенттік сайлау елде жаңа наразылық туғызды

  • 88
  • UPD: 15:37, 04.11.2020
Грузияда өткен парламенттік сайлау елде жаңа наразылық туғызды

Грузияда сенбі күні өткен парламенттік сайлау елде жаңа наразылық туғызды.

Оппозиция әлі күнге дейін сайлау нәтижесімен келісер емес. Оппозиция өкілдерінің айтуынша, дауыс беру кезінде көптеген заңбұзушылық болғандықтан жаңа парламент легитимді емес. Осыған байланысты оппозициялық партиялардың бәрі бірігіп, депутаттық мандаттан бас тарта бастады. Мұндай бойкот парламенттің жаңа шақырылымын бекітуге кедергі келтіруі мүмкін. Жалпы, қазіргі уақытта оппозицияның басты талабы парламенттік сайлауды қайта өткізу болып отыр.

Схэка Беселия, «Әділдік үшін» партиясының жетекшісі:

- Қол қою арқылы әр партия қайтадан сайлау өткізу керегін растайды. Өткен сайлауды ешкім мойындамайды. Бұл барлық оппозициялық партиялардың ортақ ұстанымы. Әрине билеуші партия өзіне одақтас табуға тырысатыны белгілі. Бірақ әркім өз ойын қорғап, істі соңына дейін жеткізуі керек.

Хабар 24 телеарнасы