423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың сайлау жүйесі несімен ерекшеленеді?

  • 156
  • UPD: 18:41, 04.11.2020
АҚШ-тың сайлау жүйесі несімен ерекшеленеді?

АҚШ сайлау жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Халық президентті тікелей сайламайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни «бір адам-бір дауыс» ережесі қолданылмайды. Ақ үй басшысын Таңдаушылар коллегиясының мүшелері анықтайды. Олардың жалпы саны – 538. Әр штаттың халық санына сәйкес іріктеледі. Үміткердің қайсысы болмасын, белгілі бір штатта жеңіске жетсе, осы штат таңдаушыларының барлығы сол үміткер үшін дауыстарын беруге тиіс. Бұл ереже тек шағын Мэн және Небраска штаттарында қолданылмайды. Жеңіске жету үшін үміткер 538 дауыстың кем дегенде екі жүз жетпісін жинауы қажет. Сондықтан кейде халықтың көпшілігі дауыс берген үміткер президенттік орнынан қағылуы мүмкін. Соңғы сайлауда тап осындай жағдай тіркелген еді. Хиллари Клинтон көп дауыс жинағанымен, штаттар таңдаушыларының дауыстары бойынша артта қалды. Сырттан бұл жүйе тым күрделі көрінуі мүмкін. Алайда АҚШ дербес штаттар одағы ретінде құрылғанын ескеруі керек. Яғни іс жүзінде федерация басшысы сайланады. 

Хабар 24 телеарнасы