425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Самос аралының деңгейі 25 сантиметрге көтерілген

  • 262
Самос аралының деңгейі 25 сантиметрге көтерілген

Грекиядағы Самос аралының деңгейі 25 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Афин ұлттық университеті геология және геоэкология кафедрасының зерттеу тобы хабарлады. Ғалымдар жер сілкінісінен кейін аралдың жер қыртысын зерттеп, осындай қорытындыға келді.

Еске салып кетсек, қазанның отызында Түркияның Измир өңірі мен Грекияның Самос аралында күші 6,6 балға жеткен жойқын зілзала болған. Оның салдарынан Самос аралында 2 адам қаза тауып, он тоғызы жарақат алды. Ал Түркияда 114 адам опат болып, бір мыңнан аса адам жараланды.

Хабар 24 телеарнасы