424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та президент сайлауы аяқталды

  • 516
  • UPD: 23:30, 04.11.2020

Бүгін дауыс жинау барысы қарқынды өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ-тағы сайлаудың бейресми нәтижесі бір түннің ішінде айтарлықтай өзгерді. Байденнің президенттікке деген үміті арта бастады. Халықтың саны бойынша, ал ең бастысы электоралды дауыстар бойынша Байден алда келеді. Байденде 238 электорал болса, Трампта 213 дауыс. Бір түннің ішіндегі өзгеріс Байденнің Wisconsin мен Michigan-да алға шықты. Бұл 10 қосу 16 дауыс, яғни қосымша 26 дауыс деген сөз. Пенсильванияның өзінде Трамп алда келе жатыр деген едік. Бірақ бұл айырмашылық мүлдем үлкен емес. 500 мың адамдай айырмашылық. Естеріңізге салайық, Президент атану үшін 538 электоралдың 270 жинаса болғаны. Жалпы мамандар Байденді Хилори Клинтонға қарағанда, әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетіп отыр дейді. Сондықтан да демократтықтар президенттіктен әлі де үмітті және қарқыны жаман емес.

Байден қазірдің өзінде партияласы Хилориден әлдеқайда жақсырақ нәтиже көрсетіп жатыр. Мысалы, кешегі республикалық штат саналатын Аризонаның өзінде де жеңіске жетіп отыр. Ал ол штатта 11 электорал бар. Сол үшін Байден алдағы уақытта Джорджияда, Пенсильвания және Аризонаны жеңсе, онда Байденді келесі президент деп айта беруге болады.Трамптың жетістігі деп Флориданы айтар едім. Мысалы, онда 29 электорал, ол кілт құбылмалы штат. Және ол штаттың тұрғындары – латынамерикалық дауыс берушілер. Парадокс деп осыны айтыңыз. Қазірге дейін 40-тан астам штат бейресми қортындыларын жариялап жатыр. Сөз соңында мынан ескеру керек. Мұның барлығы бейресми қорытындылар. Көптеген демократтықтар дауыстарын поштамен берген еді. 65 миллион бюллитень пошта арқылы жіберіліпті. Бұл Байденнің үлесіне жазылады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы