422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австрияда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

  • 93
  • UPD: 09:36, 05.11.2020
Австрияда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте қауіпті вирус 6 мыңнан аса тұрғыннан анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – індет басталғалы елдегі ең жоғары көрсеткіш. Еске сала кетейік, Австрияда қарашаның 3-інен бастап қайта локдаун енгізілді. Мейрамханалар, театрлар, қонақүйлер, кинотеатралар мен мұражайлар жабылды. Сағат кешкі 20:00-ден таңғы сағат 6:00-ге дейін үйден шығуға шектеу қойылды. Билік індеттің таралуына тосқауыл қойылмаса, елдің денсаулық сақтау жүйесінің науқастарды емдеуге шамасы жетпейді деп қауіптенуде.

Хабар 24 телеарнасы