423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцарияда бір тәулікте 10 мың адамнан коронавирус анықталды

  • 111
  • UPD: 09:36, 05.11.2020
Швейцарияда бір тәулікте 10 мың адамнан коронавирус анықталды

Швейцарияда коронавирус індеті басталғалы алғаш рет бір тәулікте анықталған науқастар саны 10 мыңға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған дейін елдің бірқатар өңірінде төтенше жағдай жарияланған болатын. Сондай-ақ жабық бөлмелермен қатар көшеде де маска тағу міндеттелді. Мейрамханалар мен барлар сағат кешкі 23:00-ге дейін істейтін болды. Сондай-ақ 50 адамнан көп қатысатын шаралар өткізуге тыйым салынды. 8,5 млн-дай халқы бар Швейцарияда COVID-19 дертін 200 мың адам жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы