425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда коронавирустың беті қайтар емес

  • 111
  • UPD: 09:37, 05.11.2020
Үндістанда коронавирустың беті қайтар емес

Үндістан астанасында коронавирусты жұқтыру бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір тәулікте Нью-Дели қаласында 7 мыңдай науқас анықталды. Алдағы күндері ұлттық мейрам атап өтілетіндіктен, үкімет ел тұрғындарын қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырып отыр. Сондай-ақ мерекелік шараларда отшашулар атуға тыйым салынды. Жалпы соңғы бір күнде бүкіл ел аумағында коронавирусты жұқтырған 50 мыңдай адам анықталды.

Прити Балони, Нью-Дели қаласының тұрғыны:

– Халық санитарлық ережелерге немқұрайлы қарағандықтан, коронавирус жұқтыру саны өсіп келеді. Базарларда адам қаптап жүр. Көбі маска тақпаған.

Хабар 24 телеарнасы