422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекиядағы Самос аралының деңгейі 25 см-ге көтерілді

  • 89
  • UPD: 09:43, 05.11.2020
Грекиядағы Самос аралының деңгейі 25 см-ге көтерілді

Бұл туралы Афины ұлттық университеті Геология және геоэкология кафедрасының зерттеу тобы хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдар жер сілкінісінен кейін аралдың жер қыртысын зерттеп, осындай қорытындыға келді.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қазанда Түркияның Измир өңірі мен Грекияның Самос аралында күші 6,6 балға жеткен жойқын зілзала болған. Оның салдарынан Самос аралында 2 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды. Ал Түркияда 114 адам опат болып, 1000-нан аса адам жараланды.

 

Хабар 24 телеарнасы