422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда бүгіннен бастап карантин енді

  • 109
  • UPD: 12:44, 05.11.2020
Ұлыбританияда бүгіннен бастап карантин енді

Ресейде соңғы бір тәулікте коронавирустан 389 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – осы елде індет таралғалы ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш. Алдыңғы антирекорд қазанның 29-ы күні орнаған еді. Ол кезде COVID-19-дан бір тәулік ішінде 366 адам жан тапсырған. Жалпы бұл елде індетті жұқтырғандар саны да бәсеңдемей тұр. Соңғы күндері вирус тағы 20 мыңға жуық адамнан анықталды. Жалпы Ресейде вирусты жұқтығандар қарасы 1 млн 700 мыңға тақаған.

 

Италияда коменданттық сағат енгізілді

Ал коронавирус таралғанда Еуропада індеттің ошағына айналған Италияда қайта коменданттық сағат енгізілді. Себебі Аппенин түбегінде вирустың таралуы күшейе түскен. Осыған байланысты ел аумағы 3 аймаққа бөлінген.

Джузеппе Конте, Италия премьер-министрі:

– Елде індеттің таралу қаупі жоғары өңірлер бар. Олардың қатарына Калабрия, Ломбардия, Пьемонт аймақтарын жатқызуға болады. Бұл өңірлерде қатаң шаралар енгізіледі. Тұрғындардың жүріп-тұруы шектелді. Біз барлық азаматтардан жауапкершілік танытып, тәртіпке бағынуын сұраймыз.

 

Ұлыбританияда бүгіннен бастап карантин енді

Ал кәрі құрлықта індет кеңінен таралған елдің бірі Ұлыбританияда бүгіннен бастап карантин енгізіледі. Шектеу шаралары желтоқсан айына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында тұрғындардың үйлерін негізгі тастап шығуына тыйым салынады. Мейрамханалар мен дәмханалар және азық-түлік дүкендерінен бөлек сауда орындарының бәрі жабылады. Осыған байланысты Лондонда дүкендерге асыққан адамдар көбейіп, ұзын-сонар кезектер пайда болған.

Хабар 24 телеарнасы