425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Никарагуада «Эта» дауылынан су тасқыны күшейді

  • 94
  • UPD: 12:22, 05.11.2020
Никарагуада «Эта» дауылынан су тасқыны күшейді

Никарагуада эта дауылынан су тасқыны күшейіп, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы жүздеген тұрғын жапа шекті. Әсіресе елдің солтүстік бөлігінде апатты жағдай орнады. Сағатына 220 шақырым жылдамдықпен соққан жел өзімен бірге өңірге қалың жауын әкеліп, көп елді мекенді су басып жатыр. Дегенмен соңғы ақпаратқа қарағанда дүлей желдің екпіні саябырлаған.

Қазір апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Ал ауа райын болжаушылар «Эта» дауылы енді Кубаға соғып, содан кейін алдағы дүйсенбіде АҚШ-тың Флорида штатына ойысады деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы