423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польшада жаңа шектеулер енгізіледі

  • 90
  • UPD: 13:00, 05.11.2020
Польшада жаңа шектеулер енгізіледі

Польшада коронавирусты жұқтырғандардың саны артуына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара алдағы сенбіден бастап күшіне енеді. Оған сәйкес елде барлық кинотеатр мен театрлар, мұражай, қоғамдық және музыкалық орталықтар жабылады. Ал қарашаның 9-ынан барлық сынып оқушылары қайта қашықтан оқу жүйесіне көшеді. Премьер-министрдің мәлімдеуінше, егер бұл шаралар нәтиже бермей, дертті жұқтырғандар қарасы көбейсе, жалпыұлттық карантин енгізілмек. Айта кетейік, 38 млн халқы бар Польшада дертке шалдыққандар саны 440 мыңнан асқан.

Матеуш Моравецкий, Польша премьер-министрі:

– Елде індеттің таралуы қайта күшейіп, коронавирусты жұқтырғандар саны көбейді. Сондықтан бізде қауіпті вируспен күресті күшейтуіміз қажет. Жаңа шаралар азаматтарымыздың өмірін қорғауға себеп болып, денсаулық сақтау саласына түсетін ауыртпалықты азайту үшін қолға алынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы