424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың Портленд тұрғындары шеруге шықты

  • 102
  • UPD: 14:38, 05.11.2020
АҚШ-тың Портленд тұрғындары шеруге шықты

Американың Портленд қаласында жаппай ереуіл басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай оған қазіргі президент Дональд Трампқа қарсы жүздеген азамат қатысып жатыр екен.

Айта кетейік, жуырда осы өңірде Джо Байден айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын. Ол сайлаушылардың 57,5% дауысын жинады. Ал Трампқа халықтың 40% дауыс берген.

Қазір қалаға ұлттық гвардия әскерилер тартылып жатыр. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, тәртіпсіздіктерге байланысты 9 адам қамауға алыныпты. Айта өтейік, қазір жаппай шеру Портлендтен бөлек Нью-Йорк, Филадельфия мен Чикагода да өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы