422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байденнің бәйгеден озуына не кедергі болып тұр?

  • 142
  • UPD: 18:17, 05.11.2020

АҚШ-та сайлаушылардың дауысы әлі де есептеліп жатыр. Әзірге Джо Байденның Құрама Штаттадың 46-президенті болуы үшін 6 дауыс жетпей тұр.

Қазір Байден 264 дауыс жинаса, оның қарсыласы, АҚШ-тың бүгінгі президенті Дональд Трамп 214 дауысқа ие болды. Жеңіске жету үшін үміткердің бірі 270 дауыс жинауы керек. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Мичиган мен Висконсин штаттарының таңдауы Байденге түскен.

Дегенмен, кімнің жеңіске жеткенін тап басып айту қиын. Кімнің бәсі жоғары екенін анықтау үшін Джорджия, Невада, Солтүстік Каролина, Пенсильвания мен Аляскада бюллютеньдерді санау жалғасып жатыр. 

Кэти Букварь, Пенсильвания штатының мемлекеттік хатшысы:

- Пошта бюллетеньдерін санау біраз уақыт алады. Біз жіберілген бюллетеньдердің 50 процентін қарап үлгірдік. Бірақ әлі де санаққа түсетін миллиондаған бюллетень бар.

Хабар 24 телеарнасы