423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кипрде коменданттық сағат енгізілді

  • 101
  • UPD: 17:34, 05.11.2020
Кипрде коменданттық сағат енгізілді

Кипр Республикасында коменданттық сағат енгізілді. Бұған аймақтағы коронавирус індетінің кең етек жаюы себеп.

Жаңа шектеу шаралары қараша айының соңына дейін өз күшінде. Осы уақыт аралығында тұрғындар кешкі сағат 11-ден таңғы 5-ке дейін сыртқа шыға алмайды. Ал үйде 10 адамнан артық жиналуға болмайды. Сонымен қатар масканы жабық ғимаратта ғана емес, ашық аспан астында да тағу қаңтардың 15-іне дейін міндеттелді.

Хабар 24 телеарнасы