420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ аумағында ереуілдер басталды

  • 123
  • UPD: 22:32, 05.11.2020
АҚШ аумағында ереуілдер басталды

АҚШ-та саяси дода аяқталған кезде елдің бірнеше аумағында ереуілдер басталды.

Сайлау учаскелері жабыла салысымен Байден мен Трамптың жақтастары және «Блэк Лайвс Мэттер» қозғалысының мүшелері наразылық акция ұйымдастырды. 

Ереуіл Мичиган, Солтүстік Каролина, Филадельфия мен Орегонда қарқын алды. Мичиган штатында Президент Дональд Трамптың жақтастары билік дауысты қайта санау керек деген талап қойды. Бұл аймақтағы сайлау қорытындысы бойынша Байден көш бастап тұр. Ал Лос-Анджелесте наразылар темір жолды жауып, тәртіп сақшыларының ескертуін елемеді. Миннеаполис қаласындағы ереуілде полиция өкілдері көшеге шыққан ондаған адамды қамауға алды. Наразылық акциясынан адам шығыны мен зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы