425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та сайлау бюллетеньдерін санау әлі жүріп жатыр

  • 91
  • UPD: 07:55, 06.11.2020
АҚШ-та сайлау бюллетеньдерін санау әлі жүріп жатыр

Барлық назар Невада, Солтүстік Каролина, Аризона, Висконсин, Джорджия және Мичигандағы санақ барысына аударылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі Джо Байден де Дональд Трамп та аталған штаттарда бір-бірінен аса алшақтай қоймаған. Әсіресе, Мичиган мен Висконсинде сәл басымдыққа ие болып тұрған Джо Байден үшін Невада мен Аризона штатында қажетті ұпай жинау жеңіске әкелуі мүмкін. Алайда Дональд Трамп кей штаттарда заңбұзушылықтардың болғанын алға тартып, өзінің жеңіске жететінін айтуда. Ал аталған штаттардың кейбірінде санақ әлі бірнеше күнге жалғасуы мүмкін. Пенсильвания мен Аризона билігі бюллетеньдерді санау бүгін бітуі мүмкін десе, Невада қарашаның 12-і күні, ал Джорджия заң бойынша сайлаудан кейін 10 күннің ішінде жариялануы тиіс деп отыр.

Кэти Буквар, Пенсильвания штатының вице-губернаторы:

– Пенсильвания сайлау қорытындысын жариялауға  жақындап қалды.  Қазірге дейін жүздеген мың бюллетень саналды. Бұл процесс жұма күнінің кешіне дейін жалғасатын шығар. Штатта кімнің жеңгенін хабарлау үшін әлі де біраз уақыт қажет.

Хабар 24 телеарнасы